қазақша · русский · english
 
 
 
13.01.2021

Оқу үрдісінің өзекті мәселелері талқыланды

 

2021 жылы 11 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институтына қарасты профессор-оқытушылар құрамымен және тыңдаушыларымен ZOOM платформасында кезекті онлайн-кездесу өткізілді.

 

Іс-шара барысында институт директоры Алуа Таңжарықова екінші семестрде студенттер мен магистранттарды оқыту процесі 2021 жылдың 1 наурызына дейін қашықтан оқыту форматында жалғасатынын айтты.

 

2020/2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы екі ағымдық бақылаудың қорытындысы бойынша бағаланады. Филология және көптілді білім беру институтының студенттері мен магистранттары 2021 жылдың 1 наурызына дейін қашықтан оқуды жалғастырады.Сондай-ақ, оларға кейіннен офлайн режимінде оқыту үдерісіне ауысатындығы туралы ескертілді. Кездесуде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңіндегі білім беру үдерісінің мәселелері талқыланды. Кездесу соңында 1 курс студенттері мен магистранттары тарапынан сауалдар қойылып, оларға жауаптар берілді.

 

   




Кері оралу