Филология факультеті |
14.01.2021
Студенттік жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері талқыланды
2021 жылы 11 қаңтарда Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 1 және 2 курс студенттерімен «Студенттік жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
Кездесудің ұйымдастырушылары 1 және 2 курс топтарының эдвайзерлері Самал Серікова мен Мехирнис Хавайдарова болды.
Мехирнис Хавайдарова өзінің кіріспе сөзінде жатақханада тұратындар қандай талаптарды орындауға міндетті екенін атап өтті: - жатақхананың ішкі тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау; - жатақхананың үй-жайларына, жабдықтарына ұқыпты қарауға, тұрғын үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында тазалықты сақтауға, өз бөлмесін тәртіпке лайықты ұстау; - әкімшілікпен жасалған өзара жауапкершілік туралы шарттың ережелерін орындау.
Студенттер алдында топтың эдвайзерлері сөз сөйледі. Самал Серікова аталған мәселе бойынша бейнематериалдар көрсетті. Барлық студенттер көтерілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|