қазақша · русский · english
 
 
 
20.01.2021

Бітіруші курс педагогикалық практикаға шығады

 

2021 жылдың 19 қаңтарында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне өндірістік практика бойынша нұсқаулық конференция өткізілді.

 

Конференцияны практиканы ұйымдастыруға жауапты профессор Гүлмира Қажығалиева ашты, ол қатысушыларды педагогикалық практиканың екінші бөлімінің мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Студенттерге құжаттама жасау, сынып сабақтарын және сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты нұсқаулар берілді.

 

Конференцияда педагогикалық практиканың әдіскерлері, жетекшілері Мәдина Абаева, Елена Ломова, Мехирнис Хавайдарова педагогикалық практиканың екінші кезеңіне өтіп жатқан студенттерге өз тілектерін білдірді. А.С. Пушкин атындағы №6 ООБ КММ мұғалімі Ләззат Жапанова, 4 курс студентінің тәлімгері Жұлдыз Бекей практиканы ұйымдастырушыларға болашақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлаудағы нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтты.

 

Конференция жұмысының рәсімін кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева салтанатты түрде жауып, практиканттар мен тәлімгерлерге сәттілік тіледі және алынған әдістемелік тәжірибе түлектерге дипломдық жобаларды дайындау кезінде өз білімдері мен дағдыларын қолдануға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

   




Кері оралу