қазақша · русский · english
 
 
 
02.02.2021

Бірінші курс магистранттары өз жұмыстары туралы есеп берді

 

2021 жылдың 1 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасының бірінші курс магистранттары кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішевамен және ғылыми жетекшілерімен 2020/2021 оқу жылының бірінші семестрінде аттестаттауға арналған жиналыста кездесті.

 

Магистранттар жазбаша есеп беріп, өз жұмыстары, жетістіктері мен қиындықтары туралы айтып берді. Ғылыми жетекшілері бірінші курс студенттерінің қызметі туралы өз пікірлерін білдірді. Аттестаттау сәтті өтті: әрбір магистрант өз жұмысының әлсіз жақтары мен келешегі түсінікті болды.

 

Басталған семестрде магистранттардың көптеген қызықты оқу және ғылыми міндеттері бар. Олар өз мамандықтары бойынша бірқатар теориялық курстарды, соның ішінде шетелдік визит-профессор Ирина Белобровцеваның (Таллин университеті, Эстония) екі пәнін тыңдауы тиіс. Оқу жылының соңында әрбір магистрант курстық жұмысты дайындап, қорғауға шығуы керек.

 

Осындай кездесулердің арқасында магистранттар өздерінің жұмысына кафедраның назар аударатындығын сезінеді және олардың алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын түсінеді.

 

   




Кері оралу