қазақша · русский · english
 
 
 
05.02.2021

Кәсіпкерліктің көшбасшылары қауымдастығы студенттерімізді Enactus платформасымен таныстырады


2021 жылдың 4 ақпанында Филология және көптілді білім беру институты Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Кәсіпкерлік көшбасшыларының қауымдастығы Enactus платформасымен таныстыру вебинары өтті.

 

Вебинарға Филология және көптілді білім беру институтының директоры АлуаТаңжарықова, шетел тілдер кафедра меңгерушісі Гүлдана Сейдалиева және

Enactus Kazakhstan National EXPO 2020 чемпионы Адлет Даутов, Enactus Kazakhstan бағдарламалық директоры Инеш Орхан, Enactus Kazakhstan түлегі Дергачева Елена және унивеситет студенттері қатысты.

 

Вебинардың мақсаты-қызықты бизнес-жобалар жасауға қабілетті студенттер арасында мықты көшбасшылар мен кәсіпкерлер тобын құру, іскерлік салада және жалпы өмірде тәжірибе жинау, әлемнің 37 елінде кәсіпкерлік жобаларды іске асыратын Enactus жас көшбасшыларының халықаралық қауымдастығына қосылу, Халықаралық студенттік форумдарға қатысу.

 

   




Кері оралу