қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2021

Ғабит Мүсірепов мұражайында

 

2021 жылы 19 ақпанда Филология және көптілді білім беру институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс 109-топ студенттері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасеновтың ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жазушы Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйіне барып, жазушы мұрасымен танысып қайтты.

 

Жазушы өмірінің ерекше бір кезеңдері жөніндегі мұражай қызметкерлерінің қызықты әңігмелері студенттер танымының өсуіне ықпал етті. Студенттер жазушы шығармаларынан орын алған кейіпкерлер өмірі туралы сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлерімен сұхбаттаса отырып, осы бір жазушының шығармашылық зертханасының қыр-сырын түсінді. Студенттер бүгінгі қазақ жастары аталмыш мұражайды, тарихи орынды өз «көздерімен көріп, танысуы міндет» деп түйді.

 

 




Кері оралу