қазақша · русский · english
 
 
 
23.02.2021

Жамбылтанушы ғалымдармен кездесу

 

2021 жылы 22 ақпанда Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенттері Алматы қаласындағы күйші Нұрғиса Тлендиевтің мұражай-үйінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жазушы Жұмабай Шаштайұлы және әдебиетші ғалым Бекен Ыбырайыммен кездесу өткізді. Кездесуді ұйымдастыруға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов ұйытқы болды.

 

Кездесу барысында профессор Бекен Ыбырайым Жамбыл өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталды. Жамбыл өлеңдерінің шығу тарихы жөнінде тың ақпараттарымен бөлісті. Жазушы Жұмабай Шаштайұлының Жамбыл мен Нұрғиса арасындағы сыйластық турасындағы әңгімесі студенттер үшін аса қызықты болды. Кеш соңында күй тартылып, күйші Нұрғиса Тлендиевтің «Құстар» әні орындалды. Бұл кездесу студенттердің өнерге деген, күйге деген қызығушылығының арта түсуіне ерекше ықпал етті.

 

   

 




Кері оралу