қазақша · русский · english
 
 
 
04.07.2016

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ең байырғы білім ошақтарының бірі Филология институты - бүгінде бакалавр-магистр-PhD докторы дәрежесіндегі жоғары білікті филолог мамандар даярлап отырған еліміздегі басты орталық болып саналады.
Алғаш ашылған 1928 жылы тіл-әдебиет бөліміне 49 студент қабылданған болса, бүгінгі таңда мұнда 1000 - нан аса шәкірт білім алып жүр. Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс - болашақтың саналы да білімді азаматын қалыптастырудағы, білікті маман даярлаудағы аса маңызды шарттардың бірі. Ұстаз өзінің білімімен де, іс-әрекетімен де, сыртқы бітім-тұлғасымен де шәкіртінің бойына тәрбие дәнін сіңіріп отыруға тиіс.
Институт тарихының әр кезеңдерінде қызмет атқарған қайраткер тұлғаларды айтпағанда, бүгінгі ұжымда еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшелері Ф.Оразбаева, Б.Сманов, ғылым докторлары, профессорлар Б.Әбдіғазиұлы, С.Абишева, Р.Ә.Шаханова, Т.Тебегенов, Қ.Ө.Есенова, Г.Қажығалиева, С.Бегалиева, Т.Жұмажанова, Л.Қ.Жаналина, М.Р.Қондыбаева, М.Ш.Мұсатаева, Ж.Қ.Балтабаева, Ильясова Н,Ш.Қожакеева, Т.Ошкина, Л.Эглит, Молдасанов Е . т.б. сынды ұстаздардың жеке басының үлгісі студенттер үшін айрықша қымбат дер едік.
«Талапты ерге нұр жауар» дейді халқымыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының санасы еркін, ойы азат. Қай бағытта білім аламын десе де, қай салада еңбек етемін десе де мүмкіндігі мол. 2015-2016 оқу жылында бітірген 87 студенттің 27-і қызыл диплом алып,оқу үздігі атанып отыр, бұл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңындағы үлкен жетістігіміз-деді институт директоры. Ұлы Абай есімін иеленіп отырған ұлттық педагогикалық университетіміз , сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр. Филология институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлы бітіруші түлектерге салтанатты түрде дипломдарын тапсырып «Ақ жол тіледі». «Ақ жол» қарт ҚазҰПУ-дың 2016 жылғы түлектері!!!

 





Кері оралу