қазақша · русский · english
 
 
 
12.03.2021

Педагог мамандығы әрдайым сұранысқа ие


Филология және көптілді білім беру инcтитуты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Султанкулова Ш.У., Нурекешова Г.Р., Мамырбаева М.З., Сатылханова Г.А. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясына барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, мектеп түлектерінің таңдауларын өзіміздің іргелі оқу орнына жол сілтеп, бағдар беріп, педагогикалық мамандық таңдаудың әлемдегі болып жатқан жағдайдан кейін өзіндік орны мен өміршеңдігін дәлелдегенін, шәкіртақының өскендігін және көпшіліктің назары қазіргі таңда осы педагогикалық мамандықтарда екенін баяндап, таңдауларын дұрыс жасауға шақырды.

 

Кездесу соңы бітіруші түлектер мен ұстаздар арасындағы тартымды пікіралмасуға ұласты.

 

   

 

   




Кері оралу