қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2021

Іс-тәжірибе ашылу конференциясы

 

Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 2020-2021 оқу жылында өтетін «5В011900-Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының оқу жоспарына сәйкес 4-ші курс (4 жыл) екінші шетел тілі (араб, қытай, түрік, француз,неміс), 3-ші курс (3 жыл) екінші шетел тілі (түрік, француз, неміс) бойынша педагогикалық мамандықтарының білім алушылары 2021 жылы 01-30 сәуір аралығында (университет академиялық күнтізбесіне сәйкес) мемлекеттік педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры бұйрығы бойынша Алматы қаласындағы Aisaf-Almaty гимназиясына, №113 мектеп-гимназиясына жіберілді.

 

Осы мамандық бойынша іс-тәжірибе ашылу конференциясы ZOOM платформасында онлайн режимінде 2021 жылы 31 наурыз 19:00-де өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі Абдрахманова К.Х., кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы Алмабекова А.М., әдіскер-оқытушылар - проф. Алиханқызы Г., PhD Айтқазы С.,доцент Арынова М.Т., аға оқытушы Ибрагимова К.К.,оқытушы Коспаганбетова Н.Х.,Aisaf-Almaty гимназиясы директорының оқу ісі бойынша орынбасары Жакенова А.Б., тіл оқытушылары Искакова З.У., Канабаева Х.Н., Закирова А.Е., Елтай Н.С. және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практика ережелері түсіндірілді, студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.

 

   

 

   




Кері оралу