қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-4 курс студенттеріне арналған «Speacasso» English Speaking Club

 

2021 жылдың 31 наурыз күні ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Уалиханұлы А., Ордабаев Ч., Абдрахманов Д.Д. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-4 курс студенттеріне арналған English Speaking Club ұйымдастырды. English Speaking Club - тың атауы «Speacasso».

 

Клубтың мақсаты - студенттердің өз ойларын жеткізуге және ағылшын тілінде еркін сөйлеуді үйрету; шетелдіктермен қарым-қатынас кезінде өзіңіздерін сенімді сезінуіне ықпал ету; қысқа уақыт ішінде тілдік кедергіні еңсеріп, ағылшын тілінде сөйлесуді, ағылшын тілін еркін қолдануды үйретеді.

 

English Speaking Club-тың тақырыбы «Superstition in Kazakhstan and Great Britain». Оқытушылар әртүрлі Қазақстандық және Ұлыбритандық ырым-жырымдар туралы суреттер мен видеоматериалдар дайындап, студенттер олар туралы өз ойларымен бөлісті. Студенттер мен оқытушылар «Speacasso» English Speaking Club-қа қатысып, белсенділік танытты. English Speaking Club кезінде студенттерге материалдарды терең игеру үшін әртүрлі тапсырмалар берілді. Оқытушылар презентация мен әртүрлі материалдар дайындады, бұл студенттерді English Speaking Club кезінде пікірталас жағдайын туындатты. Оқытушылар студенттерге қосымша мотивациялық кеңестер берді.

 

Бұл клубтың жетекшілері ай сайын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-4 курс студенттеріне арналған English Speaking Club өткізеді.

 

   

 




Кері оралу