Филология факультеті |
06.10.2016
1 қазан - қарттар күні Дәл осы күні қарттарға деген махаббаты мен мейірімі оянған жандардың саны арта түседі. Мерекелерімен құттықтап, оларды іздеп келетін жандардың бар екенін көру қарттар үшін, әрине, қуаныш. Мерекемен қарияларымызды құттықтауға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де атсалысты. Кішігірім сыйлықтар мен өнерлерін көрсету арқылы ақ самайлы әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызды қуантуға тырысты. Осындай атқарылған іс-шарадан кейін, жоғары курс студенттері еріп келе жатқан ізбасарлары - 1 курс студенттеріне «Мейірім клубының» дәстүрін жалғастыруды табыстады. Асыл қазына - қарттарымызды тек қана мереке күндері емес, әрқашан еске алып жүрейік.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|