қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2016


«Алматының үздік студенттері 2016»


«Elite» Компаниясы бірнеше жыл қатарынан жас мамандарды қолдауға бағытталған іс- шаралар өткізуде. Бұл еліміздің болашағының жарқын болуына үлесін тигізері сөзсіз. Компанияның мақсаты - Қазақстан жастарының өз-өзіне сенімін арттыруға, өз күшіне және мүмкіндіктеріне сенімін оятуға, мамандықтар әлеміне алғашқы қадамын жасауға көмектесу. «Алматының үздік студенттері» бағдарламасында «Менің алғашқы жұмыс орным» атты проекті бойынша 2016 жылдың 22 қыркүйегінде «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» атты үлкен іс-шара өтті. Осы іс - шара барысында «Elite» компаниясы ұйымдастырған «Алматының үздік студенттері» атты конкурстың жеңімпаздары марапатталды. 2016 жылдың үздік студенттері қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, филология институты, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, 4 курс, 7 топ студенті - Бурасанова Айдана Арманқызы да бар. Конкурс арқасында Айдананың алдында көптеген мүмкіндіктердің есігі ашылып, жұмыс орындарынан ұсыныстар түсіп жатыр. «Elite» компаниясы алдағы уақытта да осы конкурсты өткізуді жоспарлауда. Студенттеріміз осы конкурсқа қатысып, өз мүмкіндіктерін таныса болады. Ал Айдананы жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

          

 

          

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология: 4 курс, 7 топ студенттері

 

 




Кері оралу