қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2021

3-ші курс студенттерінің педагогикалық практикасы аяқталды

 

2021 жылғы 28 сәуірде Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасында педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті. Онда студенттер мен оқытушылар практиканың екінші кезеңінің қорытындысын шығарды.

 

Студенттер мектептегі жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті, олардың жетістіктері, балалармен жұмыс жасаудағы қол жеткізген нәтижелері, қашықтан оқыту кезінде туындаған қиындықтар туралы айтты. Педагогикалық практика дуалды білім беру режимінде өтті, сондықтан студенттерге өз күштері мен уақытын есептеп пайдалану керек болды: оқу пәндерін меңгеруге және практика бағдарламасын орындауға уақыт керек болды.

 

Конференцияда кафедра атынан педагогикалық практика жетекшісі Гүлмира Қажығалиева, орыс тілі мен әдебиеті әдіскерлері Гүлнұр Байшұқырова мен Дина Поляк сөз сөйледі. Психология бойынша әдіскер Күнсұлу Тусубекова біздің студенттеріміздің жұмысы туралы өз әсерлерімен бөлісті.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева студенттерді мектептегі практикалық жұмыс дағдыларын меңгеруімен құттықтап, алдағы 4-ші курста практикадан табысты өтуге тілек білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу