қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2021

Абай поэзиясы әлем тілдерінде

 

2021 жылғы 28 сәуірде Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының түрік тілі пәні оқытушылары Е.З.Есбосынов, Г.Қ.Сәтбай, НХ.Коспаганбетованың ұйымдастыруымен «Халықаралық Абай поэзиясы әлем тілдерінде» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда Абай Университеті, Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия), Әзірбайжан Педагогикалық университеті (Әзірбайжан) студенттері арасында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан олимпиада ұйымдастырылды. Жарысқа 2-4 курс студенттері қатысып, қазақ, әзірбайжан, орыс, ағылшын, түрік, араб тілдерінде Абай өлеңдерін оқыды. Студенттерді арнайы құрылған комиссия құрамы бағалап, жүлделі орындарын анықтады. Студенттердің мәнерлеп оқу өнері арнайы критерийлермен бағаланды.

 

Халықаралық вебинар Филология және көптілді білім беру институты директоры А.В.Таңжарықованың кіріспе сөзімен ашылды. Олимпиада қатысушылары мен жюри мүшелерін Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Екрем Аян мен Әзірбайжан Мемлекеттік педагогикалық университеті халықаралық істер жөніндегі проректоры, Филология факультетінің деканы Махира Хусейнова құттықтады. Жюри құрамы олимпиадаға қатысушы студенттердің Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу барысын мұқият тыңдап өзара бағалау критерийлерін сұрыптап саралағаннан кейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Дінтану» мамандығының 2 курс студенті Иманбаева Айгерім, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2 курс студенті Мәмәдова Жәмилә бірінші орынға лайық көрінді. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Абдусаттарова Углай, «Дінтану» мамандығының 2 курс студенттері Сатенова Аружан, Көкен Құндыз, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Мәмәдли Сәкинә мен Исмаилов Раман жүлделі екінші орынға ие болса, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс «Екі шет тілі» мамандығының студенттері Қуат Ақжүніс, Тұрлыбек Бақнұр, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Мирзяева Ләмән, Мугла Сыткы Кочман университетінен Сонгюль Айше жүлделі 3 орынға лайықты деп табылды.

 

Вебинар соңында жюри мүшелері қатысушы студенттер мен вебинар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, Абай сияқты ұлы тұлғалардың өшпес мұраларын насихаттауда осындай жарыстар мен олимпиаданың маңызды орны бар екендігін атап өтті.

 

Вебинарды шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х.Абдрахманова қорытындылап, алыс елдерден қатысып отырған студенттерге, оларды осындай кездесу мен білім сайысына дайындаған ұстаздарына кафедра мен институт атынан алғыс білдірді. Бауырлас түркі халықтарының ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауда мұндай кездесулердің маңызы мен мәнін атап өтті

 

   

 




Кері оралу