қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2021

Қазақстан Халқының бірлігі күні

 

2021 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының бірлігі күні Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының эдвайзерлері мен магистратура мен бакалавриаттың бірінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.

 

Кездесуде мереке тарихы туралы әңгімелер, Қазақстан халықтарының тілдерінде өлеңдер оқылды, әр түрлі мамандық студенттері Айұзақ Жұмабаевтың, Заманбек Тәжібайдың, Ақарыс Қасқабайдың, Манзурам Ахюлованың, Айзада Дауылбекованың, Құдайберген Унайқұловтың орындауындағы әндер шырқалды.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева барлық оқытушылар мен студенттерді мерекемен құттықтап, бірлік Қазақстанның өркендеуінің негізі ретінде маңыздылығын атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу