Филология факультеті |
04.05.2021
Бакалавриат түлектерінің дуалды педагогикалық практикасы аяқталды
2021 жылдың 30 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының бітіруші курс студенттерінің дуалды педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті. Үшжылдық және төртжылдық оқыту бойынша түлектері есеп берді, олардың қорытындылары мектепте ұстаз ретінде ұсынылды.
Конференцияда кафедра оқытушыларына және тәлімгер-мұғалімдерге алғыс сөздер айтылып, жылы лебіз білдірілді.Университетпен қызметтес мектептердің шақырылған мұғалімдері жас және креативті мамандарды даярлаған кафедраның педагогикалық ұжымына алғыстарын білдірді.
Кездесуде кафедраның аға әдіскері, профессор Гүлмира Қажығалиева, әдіскерлер Елена Ломова, Гүлнұр Байшүкірова, Мәдина Абаева, Мехирнис Хавайдарова сөз сөйледі.
Конференцияны кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева педагогикалық практика жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін және практикалық оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізілгенін атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|