қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2021

«Замануи Қазақстан білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» халықаралық конференциясы

 

2021 жылдың 30 сәуірінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы мен ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған «Замануи Қазақстан білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Мәскеу университетінің, Қазақстанның жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының және мемлекеттік даму институт басшыларының басын қосты.

 

Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс докторанты Молдағали Мадина қатысты.

 

Іс-шара қатысушылары орыс, қазақ және ағылшын тілдерінің лингвистикасы мен әдебиетіндегі жаңа тенденциялары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар онлайн форматта тілдерді оқытудың өзекті әдістері қарастырылды.

 

   




Кері оралу