қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2021

Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне

 

2021 жылғы 7 мамырда Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасында барлық курс студенттерінің қатысуымен «Есімде! Мен мақтанамын!» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысының ардагері Көшірхан Әлімбайұлы Әлімбаевтың соғыс кезінде естеліктерімен бөлісіп, жастарға бата берген Zoom-конференциясына қатысуы қонақтар мен қатысушылар үшін бағалы сыйлық болды.

 

Мерекеде соғыс туралы өлеңдер оқылды, Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін сипаттайтын слайдтар көрсетілді. Студенттер Наргиза Нажиматдинова, Асхат Базарбай, Ұлдай Қойбағарова, Аяжан Жалғасова (1 курс), Айдана Мұратқызы (2 курс), Сабина Валиева (4 курс) орындауындағы тебіреністі өлеңдер тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленді.

 

Әбдімомына Желдібаевтың орындауындағы «Ерке Сылқым» күйі Арайлым Көшектің орындауында халқымыздың әскери өмірінің бейнесімен бірге жүрді.

 

Мереке жүргізушілері Динара Кенжеғалиева мен Асхат Базарбай іс-шараның музыкалық-поэтикалық композициясын сүйемелдеді.

 

Мереке соңында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева, профессор Гүлмира Қажығалиева, институт директорының орынбасары Ерлан Қасенов студенттерге Ұлы Отан соғысындағы біздің сарбаздардың ерлігін еске алу және құрметтеуіне арналған мерекелік іс- шара үшін алғыс білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу