қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2021

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы дипломдық жобалардың қорғауын қабылдайды

 

2021 жылғы 1 маусымда Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасында мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталды. Биылғы жылы студенттер дипломдық зерттеуді жаңа форматта дайындады: бұл дипломдық жұмыс емес, дипломдық жоба.

 

Әрбір дипломдық жобаның қатысушылары (3-4 студент) негізгі біліктілік талаптарына сәйкестігін ғана емес, командада жұмыс істей білуін, сондай-ақ өз жобасының практикалық бағыттылығын көрсетуі тиіс.

 

Комиссия жұмысының бірінші күні сөз сөйлеп, жобасын қорғаған екі жобалық топ, (ғылыми жетекшілері - профессор Б. С.Жұмағұлова және доцент З.Н.Поляк) олардың дипломдық жобалары «бакалавр» академиялық дәрежелі маманды даярлау бейініне сәйкес келетіндігін дәлелдеді.

 

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің деканы, профессор Баян Өмірбекқызы Жолдасбекованың пікірі бойынша қорғауға ұсынылған дипломдық жобалар тақырыптың өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен, зерттеуге шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді.

 

Бүгін бакалавриатта оқуды аяқтаған түлектерді құттықтаймыз!

 

Біз олармен магистратураға түсу емтихандарында кездесуді күтеміз.

 

   

 

   




Кері оралу