қазақша · русский · english
 
 
 
29.06.2021

Докторанттарды аттестаттау

 

2021 жылдың 28 маусымында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішеваның жетекшілігімен «8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті», «8D02304 - Лингвистика», «8D02305 - Әдебиеттану» мамандықтарының 1, 2 және 3 курс докторанттарының аттестациясы өтті.

 

Әрбір докторант атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, диссертациясының аяқталу дәрежесі, ғылыми жарияланымдары туралы ақпарат берді. Кездесуде сөз алған кафедра профессорлары, докторанттардың ғылыми жетекшілері жас зерттеушілердің оқу және ғылыми жұмыстарына баға берді.

 

Кафедра PhD докторы ғылыми дәрежесін алуға ізденушілерге бақылауды ғана емес, сонымен қатар тәлімгерлердің өз жұмысына деген назарын да сезінуге көмектесетін осындай кездесулерді үнемі өткізіп тұрады.

 

   

   




Кері оралу