қазақша · русский · english
 
 
 
16.07.2021

Филолог түлектерге диплом табыстау

 

2021 жылдың 14 шілдесінде бакалавриаттың «6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттеріне дипломдар табыс етілді.


Төрт жыл жемісті және қызықты оқу артта қалды. Көптеген жас мұғалімдер мектептерде жұмыстарын бастап кетті. Үздік түлектер магистратураға түсу емтихандарында өз күштерін сынайтын болады.


Түлектерді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сауле Абишева құттықтап, оларға қол жеткізген жетістіктерінің алдағы уақытта да жалғасын табуын тіледі.


Бақытты өмір жолын және кәсіби табыс тілейміз сіздерге, қымбатты түлектер!

 

   

 




Кері оралу