қазақша · русский · english
 
 
 
06.08.2021

Вакцинация тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 2-ші және 3-ші курс докторанттарының кездесуі

 

2021 жылғы 6 тамызда Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанттарының эдвайзері, профессор Людмила Сафронованың бастамасымен 2-ші және 3-ші курс докторанттарының кездесуі өтті. Кездесу барысында Л.В. Сафронова вакцина егудің жеке тәжірибесімен бөлісті және вакцинация механизмін түсіндірді. Сонымен қатар, вакцинацияның артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. 2 -ші және 3 -ші курстың докторанттарының ішінде екеуі Sputnik-V вакцинасымен егілген, докторанттардың бірінде баланың туылуына байланысты медициналық қарсылық бар, ал қалғандары вакцинацияны қабылдауды жоспарлауда, өйткені олар оның маңыздылығын түсінеді.

 

 




Кері оралу