қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2021

«Терроризм - әлеуметтік қауіп» эдвайзерлік сағаты


2021 жылдың 24 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 209-топ эдвайзері А.Н.Юсуптың ұйымдастыруымен аталған топта «Терроризм - әлеуметтік қауіп» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді.

 

Эдвайзерлік сағат барысында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдесінде қабылданған «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы жайлы ақпарат беріліп, дәл осы жағдайға қатысты университет миссиясы жайлы түсіндіріліп, террористік іс-әрекет бола қалған жағдайда қалай сақтану қажеттігі туралы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Топ студенттері тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісті.

 

   

 

   

 




Кері оралу