қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2021

Магистранттардың педагогикалық практикасы аяқталды

 

2021 жылдың 18 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс магистранттарының педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті.


Кафедраның барлық мамандықтарының магистранттары есеп беру презентацияларын дайындады, онда өз жұмысының нәтижелері: практиканың мақсаттары мен міндеттері қалай орындалды, қандай сабақтар өткізілді, бакалавриат студенттері үшін тәрбиелік іс-шараны өткізу кезінде не қызықты болғаны жайлы көрсетті.


Магистранттар өткізілген сабақтардағы өз жұмыстарының әдістемелік тәсілдері, педагогикалық тәжірибенің әсерлері мен эмоциялық тәжірибесі туралы айтып берді.


Магистранттардың ғылыми жетекшілері мен кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева тәжірибе нәтижелерін жоғары бағалап, жас педагогтарға кәсіби табыс тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу