қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2021

Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы: Тұлға. Тарих. Тағылым» тәрбие сағаты өтті

 

2021 жылдың 3 желтоқсанында ҚазҰПУ шетел тілдер кафедрасының ұйымдастырумен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы: Тұлға. Тарих. Тағылым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

 

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс (107,108 топ) студенттері және шетел тілдері кафедрасының магистр оқытушысы Б.Б Кемелдің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасенов Ерлан Слямбекұлы тәрбие сағатына қатысты. Е.С. Касенов «Елбасы: Тұлға. Тарих. Тағылым» өткен іс-шараға өз пікірін білдірді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліміздің өркендеп өсуіне және қазақ халқы үшін қосқан үлесі шексіз. Ол-елбасы, ол-қоғам қайраткері, ол-ақын және көреген көшбасшы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып тарих сахнасынан орын алған адам. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасенов Ерлан Слямбекұлы тәрбие сағаты өте жоғары дәрежеде және ашық режимде өткенін атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу