қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2021

Ағылшын тілінде «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» іс-шара өтті

 

2021 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Практикалық ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы А.Сарымбетованың ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» тақырыбында ағылшын тілінде іс-шара өткізілді.

 

Іс-шара барысында магистранттарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жетістіктері жайлы мағлұмат айтылып, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін оятып, сонымен бірге өз білімдерін баламалы бағалауға мүмкіндік беріліп, ағылшын тілінде ойлау және сөздерді дұрыс қолдануын бақылап,  лингвистикалық білімділік дүниетанымын жетілдірді.

 

Іс-шара соңында белсенді қатысқан топтар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен «Тәуелсіз» тобы мүшелері: Құлынтаева Алтынай, Бұлқынбек Бақытгүл, Ерғараева Ұлдана иеленсе, ІІ дәрежелі дипломмен «Еркін» тобы мүшелері: Жұмағұл Малика, Ергеш Назира, Бөтейова Ұлдана иеленді. І дәрежелі дипломмен «Азат» тобы мүшелері:  Нұролаева Азиза, Тундебаева Айым, Тленчиева Баян марапатталды.  

 

   

 

   

 

   




Кері оралу