қазақша · русский · english
 
 
 
25.01.2022

Филолог-студенттер практикаға шығады

 

2022 жылдың 24 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика, сондай-ақ «Филология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған оқу практикасы бойынша нұсқаулық конференция өткізілді.

 

Кіріспе сөзінде кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева студенттерді қарсы алып, практикадан табысты өтуге тілектестігін білдірді. Басшылар қатысушыларды практика базаларымен, практиканың мақсаты мен міндеттерімен, құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптармен таныстырды.

 

Алғашқы екі аптада педагогикалық мамандықтардың 3 курс студент-практиканттары мектептің жаңартылған бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын тыңдайды. Тәжірибелі тәлімгерлер өз қамқоршыларына тілші маманның негізгі дағдыларын игеруге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу