қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

«Оқу үдерісінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың маңызы» тақырыбында семинар өтті

 

2022 жылдың 28 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық практикадан өтуші 3-ші курс студенттеріне әдістемелік көмек көрсету әрі білім беру мекемелерімен байланыс орнату мақсатында «Оқу үдерісінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың маңызы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

 

Семинарды ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі Н.Ә.Ильясова, институт оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Н.Юсуп, кафедра оқытушылары С.Қ.Сыздыков, Ш.Д.Құттыбаевтар атсалысты. Әдістемелік семинарда Алматы облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі М. К.Бисенбаева, Алматы облысы, Іле ауданы Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Н.К.Абдрахманова, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қ.О.Сейталиева, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 27 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.М.Жаксыкулова студенттерге сабақ барысында цифрлық ресурстар мен бағдарламаларды тиімді қолданудың жолдары жайлы ақпарат берді. Болашақ мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында өткізілген семинар әрі мазмұнды, әрі қызықты болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу