қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2017

10.02.2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының жанындағы "Тіл -қазына" үйірмесінің жетекшісі, п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен «Жүрек неге зат болып жаралмаған?!» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу сайысы болып өтті. Жыр кешіне институт директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлы , директордың орынбасарлары Г.Кенжебаева, Г.Нүптекева және Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова, кафедраның оқытушылары қатысты.
Кеште Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу сайысының қорытындысымен 1-орынды Мавлет Айнұр, 2-орынды Ысқақ Азат пен Арқабаев Жанжос, 3-орынды Тілегенова Ақмаржан мен Жолдыбай Қайрат иеленді.
Сондай-ақ Әбен Думан мен Әлімбек Абылай, Русланова Аяжан, Мұқамия Саят кешті ұйымдастыруда белсенділік танытса, Көмекбаева Фариза, Самет Назым, Мавлет Айнұр Мұқағали ақынға арнап өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.
Кешке инстиуттың 2000 жылғы түлегі Әбділбекова Земфираның қызы, М.Мақатаевқа арналған республикалық байқауда І орынды иеленген, 2-сынып оқушысы Әбділбекова Әмина қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқып, тыңдаушыларды таң қалдырды.




Кері оралу