қазақша · русский · english
 
 
 
16.02.2022

Ғылыми семинарда докторанттардың баяндамалары талқыланды

 

2022 жылдың 15 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен докторанттарға арналған ғылыми семинар өтті. Модератор - зерттеуші профессор Людмила Сафронова.

 

Семинарға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, шетелдік докторант Юрий Серебрянский (Польша) және кафедраның 11 докторанты қатысты.

 

Ғылыми семинар екі бөлімнен тұрды. Кафедра меңгерушісі, профессор С.Д. Әбішева мен кафедра профессоры Л.В. Сафронова университеттің білім кеңістігіндегі бірқатар жаңалықтарды атап өтті. Семинардың екінші бөлімінде 3 курс докторанты Тампилова Э. («Қазақстандық пьесалардағы шиеленістің ерекшелігі» тақырыбында баяндама) және 2 курс докторанты Жапарова Т. («Тіл біліміндегі синергетика концепциясының бейімделуі») диссертациялары бойынша баяндамалар жасады.

 

Докторанттар ғылыми зерттеу мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ғылыми жетекшілердің тілектері мен пікірлерін тыңдады.

 

   

 

   




Кері оралу