қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2022

Кітап - үнсіз мұғалім


2022 жылдың 18 ақпанында «Институт күндері» апталығының аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы мен Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В.Таңжарыкова, кафедра меңгерушілері С.Ж.Әбішева, Н.Ә.Ильясова, PhD С.Т.Тлеубай, профессор К.Х.Абдрахман, аға оқытушылар М.Б.Тулегенова, Ш.Д.Құттыбаев, институттың оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Н.Юсуп, ББ авторы М.Ә.Жүністің ұйымдастыруымен «Кітап - үнсіз мұғалім» тақырыбында мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының профессор-оқытушылар құрамы мен 2-3 курс студенттері қатысты.


Іс-шара барысында Жинақтау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Ақымжан Гүлназ Білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттермен қамту жайында мағлұматтар беріп, жаңа түскен әдебиеттермен таныстырды. Ал кафедра меңгерушілері С.Ж.Әбішева, Н.Ә.Ильясовалар студенттерге БББ бойынша профессор-оқытушылар құрамының соңғы бес жылда шыққан оқулық, оқу құралдары жайлы ақпарат берді. Кітапханашылар Б.К.Найзакараева, М.Ұ.Сексенова, А.Даркендер оқытушылар мен студенттерге электронды тіркелу және мәліметтер қорын қолдану туралы кеңес берсе, Л.А.Байжунусова электронды каталогпен жұмыс істеу, электронды кітапхана ресурстарын пайдаланудың жолдарын көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу