қазақша · русский · english
 
 
 
09.03.2022

Филолог-түлектер Ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалуда

 

2022 жылдың 4 наурызында филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы түлектерінің 2022 жылы біліктілік санаттарын беру (растау) үшін ҚР Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестациялауға дайындық мәселесі бойынша біліктілік тестілеуінен өту туралы кездесуі ұйымдастырылды.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Гүлнар Балахметова және шет тілдер кафедрасының магистрі Сабина Сәтібек студенттерді білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарымен таныстырды.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева мен эдвайзер Гүлнұр Байшукурова педагогикалық бағыттағы базалық бейіндік пәндерді оқыту сапасын арттыру бойынша ақпараттық жұмысты үнемі жүргізеді. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап кафедра профессорлары мен доценттері Г.А.Қажығалиева, З.Н.. Поляк, Г.Ж. Байшукурова, М. М. Хавайдарова бар жұмыс комиссиясымен консультациялар өткізіліп келеді. Сонымен қатар, 4 курс студенттері «Өрлеу» АҚ бағдарламасы бойынша дәрістерді тыңдап, тестілеудің жаттығу тапсырмаларын орындайды.

 

Түлектерімізге Ұлттық біліктілік тестілеуден сәтті өтулеріне тілектеспіз!

 

   




Кері оралу