қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2017

«Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты фестиваль-сайысы

 

2017 ж. 24 ақпанында сағат 14-00-де Матаматика, физика, информатика институтының акт залында (Толе би к., 86) орыс тілі секциясы филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы мен университеттің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен бірлесіп «Біздің Отанымыз-Қазақстан» атты институтаралық фестиваль-сайыс өткізді.

Фестивальді ұйымдастырған, басқарған және ашқан кафедраның проф. Г.А. Кажигалиева үлкен шарада өнер, мәдениет және спорт; жаратылыстану және география;  тарих және құқық институттарының 1 курс студенттері қатысқаның айта кетті.

Бұл фестивальдің мақсаты - ана тілі мен орыс тілдерінде білімдері мен шеберлігін кеңейту; вокалдық, би тағы да басқа өз дарын мен қабілеттіліктерін көрсету; сонымен қатар өз Отаны-Қазақстанды сүюге, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің патриоты болуға университет қабырғасында тәрбиелеу.

Университетіміздің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы бұл фестивальға жалпы және әр түрлі  номинациялар бойынша ақшалай жүлде ұйымдастырды.

Сайыста «Визит карточкасы», «Қазақ тарихының кейіпкерлері», «Менің Отаным - Қазақстан», «Домбырамен қазақ өлеңді ұсыну», «Қазақ биі», «Қазақстанның атақты адамдары», «Қазақтың ең жақсы тағамы», «Ең жақсы капитан» атты 8 номинациялар бойынша екі команда «Тұлпар» мен «Қыран» қатысты. Және де тағы қосымша «Ең жаксы суретші» сайыс болды. Ол сайыста Карбозова Айнұр деген студент жеңіп алды. Айнұр түрлі-түсті киізден алмалар жасады.

Кафедра оқытушылары мен Кажыомар Ербол, Рази Айгерим, Ашыракын Диана, Маулимов Алихан студенттерден құралған жюри жүлдегерлерді атады. Қызық сайыс барысында «Қыран» командасы 214 балл алып жеңді.

Сайыс арасында студенттер вокалдық шеберліктерін көрсетті. Олар - Нураханова Мадина, Абденова Гульсана, Береснев Александр, Шалекен Бакберген, Байысбай Жансая, Кенесбеков Талант, Мынбаев Бауржан, Мажен Бекзат, Косын Бекболат и др.

«Шашу» салтын «биология» маманының студенттері Адильхан Газиза, Балтагул Инкар, Жаксылыкова Улдана өткізді.

Сайыс барысында слайд-шоуды жасаған болашақ тарихшылар Рысдаулетова Меруерт пен Ашыракын Диана.

Фестиваль қонақтарына өз сыйлықтарын айтып ұсынған студенттер Карбозова Акнур, Мусакулова Улжан, Макен Кайрат, Тураров Азамат, Канат Жангирхан.

Кешті орыс тілінде жүргізген болашақ тарихшы Нураханова Мадина мен болашақ биолог Отекеев Магжан.

Жүлдегерлер мен қатысушыларға мақтау қағаздарын, ақшалай жүлдені, алғыс хаттарын филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.А.Шаханова мен тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы А.У.Абдыхалықов табыс етіп, жастардың бойында патриоттық сезім мен  азаматтықты өз бойларында үнемі қалыптастыру жөнінде айта кетті.

Сайыс көлемі масштабта өтті.




Кері оралу