қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2022

Кафедра оқытушыларының ғылыми конференциясы

 

Жыл сайын Ғылым онкүндігі кезінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылардың ғылыми конференциясы өтеді. 2022 жылдың 6 сәуірінде кафедра оқытушылары әріптестерінің алдында өздерінің ғылыми зерттеулерінің тақырыптары бойынша баяндама жасады.

 

Конференцияның төрт секциясында үлкен қызығушылық пен белсенді талқылау тудырған 40 баяндама оқылды. Күнделікті педагогикалық жұмыс әріптестердің ғылыми қызығушылықтарына назар аударуға мүмкіндік бермейді, ал осы конференцияда кафедра ғалымдары лингвистиканың, әдебиеттанудың, тілге оқытып-үйрету және филология пәндері туралы өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.

 

Конференцияның барлық секцияларында болған кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева кафедраның еңбек сіңірген ғалымдарының зерттеулерінің тереңдігі мен бірегейлігін және олардың жас әріптестерінің лайықты ғылыми әлеуетін жоғары бағалады. Мұндай кездесулер ғылыми жұмысты жалғастыруға серпін береді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу