қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

Нюрнбергтік студенттер өз елі мен қаласының тарихы, неміс білімі және т.б. туралы айтты

 

Фридрих Александр Эрланген - Нюрнберг университеті мен (Германия) Абай атындағы ҚазҰПУ бірлесе ұйымдастырған «Педагогикалық кәсіби іс-әрекет интернационализация - пост-кеңестік ислами білім кеңістігіндегі диалог» атты халықаралық жобасының аясында 2022 жылдың 5 сәуірінде Филология институтында шетелдік студенттер мен «Шетел тілі :екі шет тілі» мамандығының 1 курс магистранттары арасында конференция өтті.

 

Шетелдік студенттер өздерінің университетімен, неміс білім беру жүйесімен қысқаша таныстырып, Нюрнберг қаласының өзі, оның тарихы мен көрікті жерлері туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесу барысында олар қазақстандық құрдастарының сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барлық қатысушылар үшін өте қызықты және пайдалы болды.

 

   




Кері оралу