қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2022

Ахмет Байтурсынов мұражайындағы тәрбие сағат

 

Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында жылдық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 14 сәуірінде Ахмет Байтурсынов мұражайында эдвайзер Р.К.Оразованың араб бөлімінің 1-2 курс студенттерімен тәрбие сағаты өтті.

 

Мұражайдағы тәрбие сағаты аясында қазақтың белгілі күйшісі Шәміл Әбілтаевпен кездесу өтіп, қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтурсыновқа арналған «Ұлт ұстазы - Ахмет» күйшінің тұсаукесеріне қатысты. Экспонаттарды таныстыру кезінде мұражай қызметкерлерінің әңгімесі студенттерге үлкен әсер қалдырды. Студенттер А.Байтұрсынұлының жанұясы, оның тұлғасы туралы көп мағлұмат алды.

 

Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері өткен аптада сенбілікке қатысып, мұражай ауласына ағаш отырғызған университетіміздің оқытушылары мен студенттеріне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО тарапынан атап өтілетін ұлт қайраткерінің 150 жылдығына орай мұражайда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

 

Суденттер үшін тәрбиелік мәні зор шара А.Байтурсынов ескерткіші жанында естелік суретке түсумен аяқталды.

 

   

 

   




Кері оралу