қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

Танымдық экскурсиялар

 

2022 жылдың 28 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының эдвайзерлері Майра Төлеубаева, Бақыт Смағұлова, Бибіжан Абуова және Әлия Оңғарбаева 1 және 2 курс студенттеріне қызықты экскурсиялар ұйымдастырды.

 

Студенттер Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде болды. Олар жазушылардың өмірі мен шығармашылығын: жастық шағы, оқу жылдары, олардың жазушы ретінде қалыптасуын бейнелейтін әдеби экспозициямен танысты. Мұражайда әдеби деректі материалдар, сондай-ақ жазушылардың шығармашылық зертханасын, олардың талантының жан-жақтылығын ашатын шығармалар қолжазбалары мен күнделік жазбалары кеңінен және көрнекі көрсетілген. Мұражайда болған студенттер жарқын әсер алып, болашақ мамандығы үшін көптеген қызықты деректер ашты.

 

Филолог-студенттер жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY`-2022» ҚР Ұлттық кітапханасында ауқымды мерекелік іс-шараға қатысты. Болашақ әдебиетшілер қызықты кітаптар көрмесіне барып, белгілі мәдениет және спорт қайраткерлерімен кездесті.

 

Эдвайзер Закира Көкенова бірнеше мамандықтардың 1 курс студенттері үшін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына баруды ұйымдастырды. Студенттер «Қожанасыр тірі екен...!» спектакль басталмас бұрын театр залдары мен мұражайына экскурсияға барып, ҚР Халық әртісі, театрдың бас режиссері және көркемдік жетекшісі профессор Е. Обаевпен танысып, әңгімелесті.

 

Мұндай кездесулер жас ұрпақты өз халқының тарихына, өнеріне және мәдени мұрасына баулиды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу