қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2022

Болашақ педагог-филологтардың педагогикалық практикасы аяқталды

 

2022 жылдың 11 мамырында Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өткізілді.

 

Студенттер өткізген практика бойынша жұмыстары туралы есеп берді, ашық сабақтардан фотосуреттер мен бейнелерді көрсетті. Барлық сөз сөйлеушілер педагогикалық практика кезінде баға жетпес мұғалімдер тәжірибесін алғанын атап өтті.

 

Әдіскерлер Г.А.Қажығалиева, Е.А.Ломова, Г. Ж Байшукурова, М. К. Абаева, Д.М.Поляк және кафедраның практика жетекшісі М.М.Хавайдарова үш айлық жұмысын қорытындылады.

 

Кафедра меңгерушісі С.Д.Әбішева педагогикалық практика жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, болашақ мұғалімдерге сәттілік тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу