қазақша · русский · english
 
 
 
27.03.2017

2017 жылдың наурыз айында Оңтүстік-Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы «Актуальные вопросы преподавания русского языка и литературы в школе»  атты әдістемелік семинар шеңберінде өткізілген кәсіби бағдар жұмысын өткізу жөнінде ақпарат

 

Келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жүйелі түрде өткізіліп тұратын кәсіби бағдар жұмыстарының тиімділігі сапалы болады.

Оңтүстік-Қазақстан облысының Сарыағаш қаласындағы С.Исмаилов атындағы  № 5 мектебінде «Актуальные вопросы преподавания русского языка и литературы в школе»  атты әдістемелік семинар барысында филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының п.ғ.д., проф. Г.А.Кажигалиева мен ф.ғ.к., доц. З.А.Умирзакова кәсіби бағдар жұмысы бойынша  үлкен жұмыс атқарды.

Кафедра мүшелері 11 сынып оқушыларына қара шаңырақ бірінші оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жөнінде айта кетіп, мектеп бітірушілерді Филология және көптілді білім беру институты, оның мамандықтарымен, университет құрылымы мен институттарымен, студенттердің ғылыми, мәдени омірімен таныстырып өтті. Кәсіби  бағдар жүргізу барысында оқушылар университетке түсу жөнінде сұрақтар қойды. Мектеп бітірушілерге университет жөнінде буклеттер, журналдар мен газеттер таратылды.

Кәсіби бағдар жұмысы және де Сарыағаш қаласындағы Майлыкожа атындағы №9, Т. Оспанов атындағы №68, Т. Айбергенов атындағы № 39, М. Әуезов атындағы  № 1 жалпы білім беретін мектептерінде, сонымен қатар Сарыағаш ауданындағы «Куркелес» ауылында № 108 мектебінде өткізілді.

Проф. Г.А. Кажигалиева, доц. З.А. Умирзакова шебер сыныптар өткізу барысында семинарға қатысушылардың арасында кәсіби бағдарлау сұхбатын жүргізіп, буклеттер таратты.

Оңтүстік-Қазақстан облысының Сарыағаш қаласындағы мектептерінде кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыруға кафедрадағы кәсіби бағдар жұмысына жауапты аға оқытушы Р.К. Тохтамова үлкен көмек көрсетті.




Кері оралу