қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2017

Мен таңдаған мамандық...


          Филология және көптілді білім беру институтында 16.03.2017 жылы сағат 14:00-де, 225 мәжіліс залы, Бас оқу ғимаратында «Талапкер 2017» атты ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне №123 Қ.А.Яссауи атындағы мектеп-гимназиясынан, №2, №35, №26, №143, №33, «Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептерінен жалпы 300 -ге жуық білімгерлер қатысты.

 

           Филология және көптілді білім беру институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлы сөз сөйлеп, университтет тарихы, институт тарихы туралы баяндады. Филология және көптілді білім беру институтынның 1983 жылғы түлегі ақын, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы «Арыс» баспасының директоры Кәдірбек Құныпияұлы, 1987 жылғы түлегі ҚР мәдениет қайраткері, ҚР ақпарат саласының үздігі, ақын журналист Төреғали Тәшенов, №81 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиетті пәні мұғалімі Абай атындағы ҚазҰПУ магистрі, Алтынсарин төс белгі иегері Берденова Ханзада Абдуманатқызы, 1988 жылғы түгегі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Молдасанов, 1997 жылғы түлегі доцент З.Османова, 2000 жылғы түлегі Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Г.Нүптекеева, доцент Г. Есіркеповалар қатысып, өз жетістіктерінің басы Филология және көптілді білім беру институтынның ұстаздарының берген дәрістері мен тәлімдері екеннін айтты. Ақын ҚР мәдениет қайраткері, ҚР ақпарат саласының үздігі, ақын журналист Төреғали Тәшенов өз өлеңдерін оқыды. Институт өмірі туралы видео көрсетілді. 

 

            Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директорының орынбасары Кенжебек Қожанұлы «2017 жылғы ҰБТ» жаңалықтары туралы айтып, білімгерлердің сұрақтарына жауап берді.

 

         Іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік көрсеткен Филология және көптілді білім беру институтының ПОҚ, ф.ғ.д., профессор Г.Қосымованы, ф.ғ.д., профессор Қ.Есенованы, Қазақ тілі жіәне әдебиеті кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д.,профессор Ж.Даулетбекованы, аға оқытушы Р.Бақбергенованы, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор С.Абишованы, Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Р. Шаханованы,аға оқытушы Р.Тохтамованы, п.ғ.к., аға оқытушы А.Қ Рауандинаны, п.ғ.к.,доцент Б.Т. Қабатайды, доцент Жүнісованы, доцент А. Қобыланованы, ф.ғ.к., Г.С.Асқарованы, Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Ж.Әбуовты, аға оқытушы Б.Қадыржанованы және Филология және көптілді білім беру институтынның студенттік өзін- өзі басқару кеңесінің төрайымы Тұран Камшатты және құрамына институт директоры өз алғысын айтып, алғыс хатпен марапаттады. Соңынан концерттік шара ұйымдастырылып, қонақтар институт ғалымдарымен суретке түсті.

 

Филология және көптілді білім беру институтының КББЖ жауапты Е.Молдасанов. 12.04.2017 жыл

 




Кері оралу