қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2017

Бізде қонақта жас қазақстандық жазушы

         21 сәуірде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында ашық әдеби мектептің директоры, жазушы, драматург, әдебиеттрегері Михал Земсковпен орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс магистранттарымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.
     М. Земсков 1990 жылдан бері проза жазумен айналысып келсе, 2005 жылдан ресейлік әдеби «Октябрь», «Дружба Народов» сияқты журналдарға басылып шығарылып, көптеген әдеби сыйлықтарың лауреаты атанған.
      Алматы ашық әдеби мектебінің авторы мен жетекшісі. Ресей жас жазушылар форумының, «Дружба Народов» журналының жазышылар жиналысының, Мәскеу жазушылар одағының, СЭИП қорының жанындағы әдеби мектептің қатысушысы. Мәскеу Жазушылар Одағының мүшесі.
   Михаил Земсков жас зияткердің қазіргі заманғы қоғамдағы тағдыры толғандырады. Ол өзі Азияда тәрбиеленген еуропалық интеллектуал.
     Кездесу орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттарымен сұрақ-жауап форматында өтті. Жазушы кафедраның кітапхана қорына өзінің соңғы кітаптарын, сонымен қатар Ашық әдеби мектептің танымал түлектері Ю. Серебрянский мен К. Рогожникованың романдары мен өлеңдер жинағын сыйға тартты.

 




Кері оралу