қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2017

 

     Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдың 20-29 сәуір күндері аралығында өткен «EXPO-2017» көрме аясында «Жастар. Шығармашылық. Инновация» атты Студенттік көктем фестивалінде ұйымдастырылған шараларға белсене қатысқан Филология және көптілді білім беру институтының студенттері төмендегідей жетістіктерге жетті.

1.  «Miss KazNPU-2017» сұлулық және талант байқауының ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті Дауылбаева Назерке атанды.

                               

 

2.  «EXPO-2017: жаһандану, өркениет және инновация» атты Алматы қаласы ЖОО арасында пікір-сайыс турниріне 2 курс студенттері Ершораева Назерке мен Құрманбай Гүлжан қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, турнир кубогын жеңіп алды.

 

                                

 

3. «Бір үйдің баласындай...» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы танымдық сайыста институт командасы жүлделі І орынды жеңіп алды.

                               

 

4. Ректор кубогына арналған институтаралық жайдарман ойындарында инстуттың «Көңілді жандар» құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ішпекбаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.

 

                               

 

 

5. «Жатақхана аралық «Қуалайық ой түбін» атты тоғызқұмалақ сайысында 2 курс студенті Жанқазы Ақиқат жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

                               

6.  Ең үздік жатақхана» номинациясын институтымыздың №3 жатақханасы жеңіп алды.

                               

7. Фестиваль аясында Жалпы тіл білімі кафедрасы көрнекті ғалым, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірзақ Айтбайұлымен «Тәуелсіздік тағылымы: мемлекеттік тілдің дамуы мен өзекті мәселелері» атты кездесу кешін ұйымдастырды.

Белсенді студенттерімізге алғыс білдіреміз!

 




Кері оралу