қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

 

 Біздің студенттер ЭКСПО -2017 еріктілері

 

        Филология және көптілді институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері Енлик Нуржакып пен Мадина Турарбекова Астана қаласына ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілер ретінде барады.
    Бұл өте қызық әрі жауапты жұмыс. Жалпы көрмеде 4000 астам ерікті жұмыс жасайтын болады. Еріктілердің бірқатары көрме аймағында адамдар легін бағыттап, нысандар мен инфраструктура элементтерінің орналасқан жерлері туралы ақпарат беріп тұрса, екіншілері келушілердің билеттерін тексеріп, жеке заттары жоғалған адамдарға көмектеседі; қызметкерлерге медициналық қызметте көмектесіп, демеушілер мен көрменің серіктестерінің қастарында жүріп, Көлік еріктілері тұрақтардағы көліктер легін реттеп, көлікті жеткізу, автобус аямалдамаларына бағыттап отырады.


Енлик Нуржакып пен Мадина Турарбековаға сәтті сапар тілейміз!


 




Кері оралу