қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2017

Түлектердің мерекесі


       2017 жылдың 19 мамырында мемлекеттік емтиханнан өтіп, дипломдық жұмыстарын қорғаған «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мен «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» маманлдығының 4 курс студенттері өздерінің оқытушыларына мерекелік концерт ұйымдастырды.
    Осы кездесуде көптеген жылы сөздер айтылды. Студенттер өздерінің оқытушыларына алғыс, тәлімгерлер түлектерге бақытты өмір жолы мен мықты маман болуларына тілектестіктерін білдірді.
    Көңілді, албырт және лирикалық би билеп, ұлттық музыкалық аспаптарда шығармалар орындап, сезімге толы монологтар оқылды.
     Қоштасудан соң кездесулер болады деп үміттенеміз. Біреулер магистратурада білімін жалғастырса, екіншілері мектептер мен кафедра арасындағы байланыс орнатып, үшіншілері әдістемелік көмекке жүгінері анық.

Кафедра есіктері өз тәлімгерлеріне қашан да ашық!

 

 

 




Кері оралу