қазақша · русский · english
 
 
 
29.06.2017

 

            2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының профессорлары: Г.Қосымова,Қ.Есенова, А.Жаңабекова және « ҚАЗАҚСТАН-СОЛОВАКИЯ» ғалымдарымен бірлесе «Функционалды грамматика: ұғымдары мен категориялары» атты Халықаралық ұжымдық монографиясын басып шықты.  Бұл ұжымдық монографияда Функционалды грамматика ұғымдары мен категориялары сөз болады.

     Осынау игі істі жарғастыру мақсатымен  аталмыш кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Г.Қосымова,Қ.Есенова, М.Атабаева, Қ.Қалыбаева, доцент Г.Раева және Түрік ғалымдарымен бірлесе  жасаған «Түркітану ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ұжымдық монографиясы 2017 жылы Елтаным баспасында жарыққа шығарылды. Монографи түркітану ғылымының өзекті мәселелеріне арналған және  түркі тектес тілдердің ортақ тарихына қатысты мәселелер монографияда  басты назарға алынған.

            Сонымен қатар 2017 жылы Ресейдің Ставрополь қаласында «Логос» баспасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.Б. Красинаның редакциясымен жоғарыда аталған кафедраның  профессорлары Қ.Есенова,  Н.Ильясова «ЛОГОС» ғылыми орталығымен бірлесе жасаған «Тенденции и инновации фундаментальных и прикладных наук» монографиясы жарияланымға шықты.

             Ағымдағы жылдың маусым айында  Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ,ф,ғ,д., профессор  Қ.Ө.Есенованың «PRAGMALINGUISTIC STUDIES IN LINGUISTICS» атты монографиясы Франция елінің Ұлттық кітапхана  қорына енді.   Монографиямен  танысу үшін мына сілтемені басыңыз Kalbike Esenova ISBN 978-2-35175-51-3  

 




Кері оралу