қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2017

 

«Орысша сәлем» атты халықаралық онлайн-конференция


2017 жылдың 1 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының оқытушылары мен студенттері Мәскеу мемлекеттік аймақтық университеті ұйымдастырған «Орысша сәлем» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы осы Мәскеу университетімен ұзақмерзімді кәсіби қарым-қатынаста болып келуде, сол себепті кафедра түркітілдес елдерде орыс тілін оқыту мәселелеріне арналған конференцияға қатысуға шақырылды.
Конференцияның қазақстандық қатысушылары заманауи технологиялар арқасында әртүрлі жоғары оқу орындарының ғалымдарымен танысуға мүмкіндік алды. Конференция барысында Мәскеу, Қырғызстан, Татарстан, Хакасиядан орыс тіліндегі мамандар сөз сөйледі.
Қазақстанды осы онлайн форумда орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты Жұлдыз Төлебаева профессор Аймуль Қазкенованың жетекшілігімен «Қазақстанның жоғары оқу орындарында орыс тілін оқыту» дайындаған баяндамасымен таныстырды.
Баяндамаларды талқылау кезінде Мәскеулік әріптестер қазақстандық қатысушының ғылыми деңгейін жоғары бағалады және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтастықты одан әрі қарай нығайтуды ұсынды.

 

 

«Орысша сәлем» атты халықаралық онлайн-конференцияның бағдарламасы

 




Кері оралу