қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні орыс тілі және әдебиет кафедрасынд аҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мереке өтті.

 

Салтанатты бағдарламаны және концертті эдвайзер Айымгүл Қазкенованың жетекшілігімен 6М012200 мамандығының 1 курс магистранттары өткізді.

 

Концерт қатысушылары еліміздің табыстары жайлы өздері жасаған бейнероликтерімен, Отан туралы әндерімен, домбырада орындалған күйлерімен, қазақтың халық биімен және әдемі өлеңдерімен шаттықты атмосфераны тудыра алды. Көрермендер 1986 жылы желтоқсан айында болған драмалық жағдайға арналған қойылымды қошеметтеді. Сценарий бойынша қазақтың ұлттық дәстүрлері шашу мен сүйінші де бұл мерекеге үйлесе кетті. Концерт соңында көрермендермен бірге «Жаса Қазақстан» әні шырқалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жастары шаттықты көңілмен Тәуелсіздік Күні мерекесін қарсы алды!

 

    

 

  

 

  

 

 

 

    




Кері оралу