қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2017

Ғалымға арналған басқосу


Осы жылдың 8 желтоқсанында қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерекесіне орай көрнекті ғалым-ұстаз, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің туғанына 90 жыл толуына арналған «Рухани жаңғрудағы қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері және Нығмен Ғабдуллин шығармашылығы» атты тақырыпта  Республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияға елімізге танымал тұлғалар мен университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

 

Жиынды университетіміздің бірінші проректоры, профессор Мақтағали Бектемесов ғалымның өмірі мен конференция маңыздылығына тоқалып, мәжілісті ары қарай жүргізіп отырды. Сонымен қатар бұл басқосуда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ғалымның курстастары - көрнекті ақын Мыңбай Рәш, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев, ҚР ҰҒА академигі Әлия Бейсенова, ғалым-жазушының отбасы атынан Күләш Қадыралиева, ұстаздың шәкірті - филология ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қалалық мәслихаты депутаты Кенжехан Матыжанов және т.б. ғалым өмірінің жарқын тұстары жайлы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы-профессорлары дайындаған Н.Ғабдуллиннің өмір жолы туралы видео ролик пен ғалымның шығармаларынан студенттер әзірлеген қойылымдар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кафедраның өнерлі студенттері орындаған әдемі әндер мен профессор-оқытушылар құрамының жасаған құнды баяндамалары тыңдармандарды тың деректермен сусындатты. Ғалым-профессор Н.Ғабдуллинге арналған бұл іс-шара есте қаларлықтай болып өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ,

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 

 




Кері оралу