қазақша · русский · english
 
 
 
12.01.2018

 

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының Университеттік Спартакиадаға қатысуы

 

2018 жылдың 9-12 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Спартак» спорт стадионында университет қызметкерлері арасында «Денсаулық -2018» қысқы Спартакиадасы өтті. Аталмыш Спартиакиданы ұйымдастырушылар Өнер, мәдениет және спорт институты болды. 4-күндік Спартакиада шеңберінде спорттың 7 түрінен жарыстар ұйымдастырылды, олар: волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, шаңғы және коньки. Осы жарыстарда, біздің кафедра институтымыздың оқытушыларымен бірге арқан тарту жарсына қатысып 2-ші орынды иеленді.

 

Спартакиада келесідей мақсатта өткізілді:

- спорт түрлері және жалпы есеп бойынша Спартакиада жеңімпаздарын анықтау;

- институтттар және ректорат командаларының жаппай спорттық және дене шынықтыру жұмыстарына жауаптылардың, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт кафедрасы оқытушыларының жұмыстарының сапасын анықтау;

- жүйелі түрде дене шынықтыру және спорт түрлерімен айналысуға университет қызметкерлерін тарту;

- денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын оқытушыларға баулудың маңызды құралы ретінде спортты насихаттау, қызметкерлер арасында дене тәрбиесін жетілдіру.

 

Институттардың құрама командалары арасындағы Спартакиада күрделі спорттық жарыстар болып табылады және университеттің спорттық іс-шаралар жоспарының кестесіне сәйкес өткізіледі.

 

Біз, кафедрамыздың атынан «Денсаулық -2018» қысқы Спартакиадасына қатысқан оқытушыларды шын жүректен құттықтаймыз: Жұмағұлова Бақытгүл Сәкенқызы, Османова Зейнеп Жалалқызы, Aмангелдиева Гүлнар Амангелдіқызы, Меруерт Алибаева, Зәуре Өмірзақова, Сәуле Есімбек  және Сәуле Шолтай! Біз сіздерге ұзақ өмір және жаңа биік белестер тілейміз!

 

       

 

       

 

       




Кері оралу